Қадірменді Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!
26 шілде күні Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылында «LOTUS FEST - 2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ аясында ұлттық спорттың 6 түрінен жарыс ұйымдастырылады. Үздіктер анықталады. Алыптар сайысы, қазақ күресі, садақ ату, қол күресі, асық ату, арқан тарту. Бұл күш пен намыс тартысы. Бұл ұлттың рухы. Қатысушыларға қолдау білдіріп, жанкүйер болыңыз! Жарысқа тіркеу сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін жүргізіледі. Білегің мен жүрегіңе сенсең, сен де бақ сына!