Қара алтынымен әйгілі Атырау облысының табиғаты тамылжыған Құрманғазы ауданы Теңіз ауылында өтетін айрықша әрі ауқымды шара «LOTUS FEST - 2025» халықаралық фестиваліне шақырамыз!
Туристерді таң қалдыратын, хош иісті ғажап гүл Лотос Қазақстан бойынша тек Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзені сағасында өседі.
Халықаралық фестифалдің ашылу салтанатында судағы сұлулықты көзбен көріп, бұрын-соңды болмаған тарихы мен тағылымы мол музыкалық қойылымдарды, хеографиялық ұтымды шешімдерді тамашалай аласыз. Сонымен қатар, ақ боз киіз үйлер қаз қатар тігіліп, ұлттық және эстафеталық ойындар ұйымдастырылады. Айрықша шарада сізді таң қалдырар ғажап көп болмақ!
Ең әдемі гүлдің жанында ел көрмеген шоуды көруге асығыңыз!
Күні: 26 шілде, 2025 жыл
Өтетін орны: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылы