🪷 «LOTUS FEST - 2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
👕 Киім мен аяқ киім:
- Ашық ауада ұзақ уақыт өткізілетіндіктен, ыңғайлы, жеңіл және табиғи матадан тігілген киім киіңіз.
- Бас киім: күннен қорғайтын қалпақ немесе орамал міндетті.
- Ауа райы құбылмалы болуы мүмкін, сондықтан жеңіл күртеше ала шыққаныңыз жөн.
- Ыңғайлы, табаны таймайтын аяқ киім (кроссовка, спорттық аяқ киім) кию ұсынылады.
🎒 Қажетті заттар:
- Су құйылған бөтелке (өзімен бірге таза су алып жүру).
- Күннен қорғайтын көзілдірік және SPF крем.
- Ылғалды сулықтар, антисептик, жеке дәрі-дәрмек (егер қажет болса).
- Телефон қуаттағыш (Powerbank).
- Фотоаппарат немесе бейнекамера – естеліктер үшін.
🌿 Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері:
- Лотос – қорғалатын өсімдік, гүлге қол тигізуге, жұлуға, таптауға қатаң тыйым салынады.
- Қоқысты тек арнайы орындарға тастаңыз. Табиғатты таза ұстау – әрбір қатысушының міндеті.
- Бейтаныс өсімдіктер мен жәндіктерге қол тигізбеңіз.
- Алыста жүрмеңіз, ұйымдастырушылар белгілеген аумақта ғана болыңыз.
- Су маңына барғанда жеке қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!
- Төтенше жағдайда ұйымдастырушылар немесе жедел жәрдем қызметіне дереу хабарласыңыз.