Suggestion/feedback

Suggestion/feedback

For Participants

🪷 «LOTUS FEST - 2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

👕 Киім мен аяқ киім:

- Ашық ауада ұзақ уақыт өткізілетіндіктен, ыңғайлы, жеңіл және табиғи матадан тігілген киім киіңіз.

- Бас киім: күннен қорғайтын қалпақ немесе орамал міндетті.

- Ауа райы құбылмалы болуы мүмкін, сондықтан жеңіл күртеше ала шыққаныңыз жөн.

- Ыңғайлы, табаны таймайтын аяқ киім (кроссовка, спорттық аяқ киім) кию ұсынылады.

🎒 Қажетті заттар:

- Су құйылған бөтелке (өзімен бірге таза су алып жүру).

- Күннен қорғайтын көзілдірік және SPF крем.

- Ылғалды сулықтар, антисептик, жеке дәрі-дәрмек (егер қажет болса).

- Телефон қуаттағыш (Powerbank).

- Фотоаппарат немесе бейнекамера – естеліктер үшін.

🌿 Табиғаттағы қауіпсіздік ережелері:

- Лотос – қорғалатын өсімдік, гүлге қол тигізуге, жұлуға, таптауға қатаң тыйым салынады.

- Қоқысты тек арнайы орындарға тастаңыз. Табиғатты таза ұстау – әрбір қатысушының міндеті.

- Бейтаныс өсімдіктер мен жәндіктерге қол тигізбеңіз.

- Алыста жүрмеңіз, ұйымдастырушылар белгілеген аумақта ғана болыңыз.

- Су маңына барғанда жеке қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

- Төтенше жағдайда ұйымдастырушылар немесе жедел жәрдем қызметіне дереу хабарласыңыз.